2025 жылғы 14 мамыр күні мектебіміздің 10 сынып оқушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің “Ана. Қоғам. Болашақ” тақырыбындағы халықаралық әйелдер форумы аясында өтетін Маңғыстау ауданы, Шетпе селосындағы “Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейі” МКҚК-ның жүрмелі көрмесіне барып келді. Көрмеде оқушылар ғалымның жеке заттарымен, қолжазбаларымен, ғылыми еңбектерімен және тарихи-мәдени жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар, көрме жетекшісі оқушыларға Серікбол Қондыбайдың қазақ мифологиясына қосқан үлесі жайлы қызықты мәліметтер айтып берді. Оқушылар көрмеден көптеген әсер алды, өз сұрақтарын қойып, көрме ұйымдастырушыларымен белсенді пікір алмасты.
