2025 жылғы 16 мамыр күні мектебіміздің ұжымы қалалық драма театрына барып, белгілі драматургтің “Фариза-Мұқағали” қойылымын тамашалады. Театрға барудың мақсаты – мұғалімдердің рухани-мәдени тынығуына жағдай жасау және өнер арқылы шығармашылық шабытты арттыру болды.
Қойылымнан кейін ұжым мүшелері өз әсерлерімен бөлісіп, көркемдік тұрғыдан жоғары деңгейде өткен спектакльге оң бағаларын берді. Театрға бару ұжымды біріктіруге және мәдениетке деген қызығушылықты арттыруға оң ықпал етті.
