7.04.2025ж күні мектебімізде “Білім алушылардың әртүрлі өмірлік жағдайларда білім, білік дағдыларын қолдану қабілетін қалыптастыру” тақырыбында №2-педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. №1-педкеңес шешімінің орындалысы.
2. 3-тоқсан қорытындысы бойынша үлгерім мен білім сапасына мониторинг. 4-тоқсанға қойылатын міндеттер.
3. “Mektep edu” электрондық журналының толтырылу мониторингі.
4. Үздік аттестат пен “Алтын белгі” белгісіне үміткерлердің құжаттарын зерделеу қорытындысы.
5. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың табысты оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасау.
6. Қорытынды аттестаттау мен аралық емтихандарын ұйымдастыру жұмыстары.
7. Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы.
8. Ағымдағы мәселелер
@aktau.bilim_bolimi
@aktau_akimdigi
#педкеңес
