31.03.2025ж. күні мектебімізде «Ата – аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастық: Баланың жетістігін бірге арттыру» тақырыбында қалалық форум ұйымдастырылды.
Мақсаты: ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім беру процесін жақсарту, баланың жетістігін бірге арттыру
Форумға спикер болған мектебіміздің мұғалімдері К.К.Тауирова, Н.Н.Төлесінова, К.А.Абдреимова, Д.Н.Қарғабаева өздерінің іс- тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттар мен тренингтер ұйымдастырды. Форумға қоғам белсендісі, Журналистер одағының мүшесі, Маңғыстау облыстық ата аналар кеңесінің, Маңғыстау облыстық әкелер қоғамының төрағасы А. Ә. Қонарбаев қатысып, “Әкенің еккен ағашы- балаға сая” тақырыбында бүгінгі бала жайында өзекті ақпараттармен бөлісті. Форум соңында “Ашық микрофон” әдісі арқылы қатысушылармен кері байланыс жүргізілді.
#форум #атаанаынтамақтастығы #баланыңжетістігі
