Қазіргі уақытта интернет кеңістігінде өмірге қауіпті ойындар мен челлендждер саны артуда. Осыған байланысты 2025 жылдың 21 сәуір күні 6-7 сынып оқушылары арасында балаларды зиянды контенттерден, қауіпті ойындар мен челлендждерден сақтандыру, цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық жиналыс өткізілді.
Қаралған мәселелер:
• Қауіпті ойындар мен челлендждердің белгілері
• Психологиялық және әлеуметтік салдары
• Балаларға әсер ету механизмдері
• Сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы
Жиналыста профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді жолдары ұсынылды.
📞 Қауіп төнген жағдайда жүгінуге болатын мекемелер мен сенім телефондары таныстырылды.
🛡 Қауіпсіз интернет — қауіпсіз болашақ!
#ИнтернетҚауіпсіздігі
#ҚауіптіОйындарғаЖолЖоқ
#БалалардыңҚауіпсіздігі
#ЦифрлықСаналық