Бүгін мектебімізде колледж мамандарымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, кәсіптік білім беру жүйесімен таныстыру және колледжде оқудың артықшылықтары жайында толық ақпарат ұсыну.
Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орындарының білім беру бағдарламалары, мамандық түрлері, оқуға түсу талаптары және оқу барысында ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәлімет берді.
Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Бұл кездесу оқушылардың мамандық таңдаудағы танымын кеңейтіп, болашаққа сенімді қадам жасауына септігін тигізді.
Ұйымдастырушы кәсіптік бағдар беруші педагог: Абдулла Арайлым Жұмамұратқызы