2025 жылдың 16 мамыр күні мектебімізде “Қазақэронавигация” мекемесінің өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға мекеме қызметі, авиация саласындағы мамандықтар, олардың маңыздылығы мен болашағы жайлы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, бұл салаға оқуға түсу жолдары мен талаптары түсіндірілді. Кездесу оқушылардың қызығушылығын тудырып, болашақ мамандықты саналы таңдауға ықпал етті.
@kazaeronavigatsia_official
#авиа
