2025 жылдың 21 мамыр күні 4 “А” , 9 “А” сынып оқушыларына арналған облыстық диагностикалық тестілеу өткізілді.
Тестілеу жұмыстары сағат 09:00-де басталды.
Тестілеуді өткізу үшін қажетті барлық жағдайлар толықтай қамтамасыз етілді. Атап айтқанда:
Арнайы жабдықталған компьютерлік сынып бөлінді;
Интернет желісіне тұрақты қолжетімділік қамтамасыз етілді;
Техникалық құралдар (компьютерлер, желі байланысы) тексеруден өткізілді;
Әдістемелік және техникалық көмек көрсету үшін жауапты мамандар бекітілді.
Сондай-ақ, тестілеу барысының әділ әрі талапқа сай өтуін қадағалау мақсатында комиссия мүшелері тағайындалып, өз міндеттерін толықтай атқарды.
Тестілеу жоғары деңгейде, ұйымдасқан түрде өтті. Ешқандай техникалық немесе тәртіптік бұзушылықтар тіркелген жоқ.
