Skip to content

Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні мектебімізде екінші мәрте жалпы мектепішілік…

Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні мектебімізде екінші мәрте жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

1. Құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет

2. Қорытынды аттестаттау мен аралық емтихандар туралы

3. Мектепте заңсыз ақша жинаудың алдын алу

4.Соңғы қоңырау мерекесіндегі қауіпсіздік шаралары

5. Балаларды терезеден құлап кету қаупінен қалай қорғауға болады?

6. Ұялы телефонды мектепте қолдануға тыйым салудың қажеттілігі

7.Ағымдағы мәселелер

Ата-аналар жиналысына Актау каласы Полиция Баскармасы ЖПБ бастыгынын орынбасары, полиция подполковнигі Рахаев Нұрлан Аллабергенұлы шақырылды. Бүгінгі бала тәрбиесі жөнінде кеңінен сөз қозғаған Н.Аллабергенұлы жас ұрпаққа тек білім берумен ғана шектелмей, ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру жолында ата-аналарды мектеппен бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Ата-аналардың келісімімен мектебімізде “телефонсыз сынып” жобасы басталып, оқушыларға ұялы телефонды мектепте қолдануға қатаң тиым салу жөнінде шешем қабылданды.
#атааналаржиналысы #маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы #ұбт2025 #құқықбұзушылықтыналдыналу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *