Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні мектебімізде «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиын болып өтті. Мақсаты: оқушыларды зияткерлікке, шығармашылық қабілеттілікке тәрбиелеу. Көшбасшылық және ұйымдастырушылық тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Салтанатты жиын ҚР Әнұранымен басталып, құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Б.Н.Майрамовқа берілді. Оқушыларға жылы лебіздер айтылып, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының арнайы төсбелгілері табысталды.
#жасұланұйымы #жасқыранұйымы
