Skip to content

#БалаларҮні челленджі Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні 1 маусым -…

#БалаларҮні челленджі Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала үні» тақырыбы аясында мектеп директоры Майрамов.Б.Н 9 “А” сынып оқушыларымен ашық сұхбат өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың пікірін тыңдау, олардың мектеп өміріне қатысты ой-пікірлерін ашық білдіруіне мүмкіндік жасау, білім беру ұйымында оқушылардың белсенділігін арттыру және олардың құқықтарын сақтау мен қорғауға бағытталған іс-шараларды жандандыру.

Оқушылар мектептегі іс-шаралар, білім беру, қауіпсіздік, үйірмелердің жұмысы мен тәртіп мәселелеріне байланысты өз пікірлерін ортаға салып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Мектеп директоры оқушылардың әр ұсынысын мұқият тыңдап, жауап беріп, кейбір ұсыныстарды болашақта жүзеге асыру үшін жоспарға енгізетінін айтты.
Сұхбатта оқушылардың пікір білдіру белсенділігі мен еркін сөйлеуге деген дағдылары байқалды.

#БалаларҮні челленджі
#біртұтас_тәрбие
#болашаққақадам
#жайлымектеп

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *