Бүгін мектебімізде қыз балалардың тәрбиесі, олардың әлеуметтік дамуы, мінез-құлық мәдениеті және қауіпсіздік шаралары туралы түсінік беру мақсатында «Қызым, саған айтарым бар…» тақырыбында 8-11 сынып қыз балаларымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа “Қазақ аналары-Дәстүрге жол” қоғамдық бірлестігінің мүшелері, көп балалы, өнерлі аналар С.Манабаева, А.Қалыбайқызы қатысып, қыз баланың бойына әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сіңіре отырып, келешекте олардың ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екені және әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу жөнінде өз ойларымен бөлісті. Жиналыс соңында қыздар өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алып, өздерін дамыту жолында тың деректермен танысты.
