Skip to content

• Бүгін мектеп кітапханасында облыстық және республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы,…

• Бүгін мектеп кітапханасында облыстық және республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, маңғыстаулық ақын қыз Мұрсал Жұмагүл Амантайқызымен сыр-сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында ақын өзінің шығармашылық жолынан әңгіме өрбітіп, өз өлеңдерін тебірене жырлап, поэзия әлемінің терең сырларымен бөлісті. Әдебиетке қызығушылығы бар оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, көкейлеріндегі сұрақтарына шынайы жауап алды. Кездесу оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың шабытын оята білді. Шара соңында ақынға жылы лебіздер жолданып, естелікке «Тармақтар» кітабы табысталды.
• #СырСұхбат
#АқынменКездесу
#ӘдебиетӘлемі
#Шабыт
#Мектепкітапханасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *