Skip to content

ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті ата-атаналар! “ №33 жалпы білім беретін мектеп” КММ…

ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті ата-атаналар!
“ №33 жалпы білім беретін мектеп” КММ 2025–2026 оқу жылына білім алушыларға бір реттік қаржылай көмек көрсету мақсатында құжат қабылдау 21.07.2025 ж. басталатындығын хабарлайды.

Аталған көмек алушы отбасы бірінші мектепке келіп өтініш жазады, содан кейін Сіздің әлеуметтік жағдайыңыз “Отбасының цифрлық картасы” ақпараттық жүйесі арқылы тексеріледі. Егер сізге оң жауап келсе , келесідей құжаттар тапсыруыңыз қажет
📌 Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін:
– АӘК алатындығын растайтын құжат;
– ⁠Ата-анасының жеке куәлігі;
– ⁠Оқушының туу туралы куәлігі;
– 20 санды “Халық банк” шоты.
📌 Аз қамтылған отбасылар үшін:
– Ата-ананың жеке куәлігі;
– Оқушының туу туралы куәлігі;
– Неке туралы куәлік;
– 20 санды “Халық банк” шоты.

📍Қосымша сұрақтар бойынша мектептің әлеуметтік педагогіне жұмыс уақытында келіп, хабарласуыңызға болады.
⏰ Жұмыс уақыты:
– Таңертең: 09:00–12:30
– Түстен кейін: 14:00–17:00
Түскі үзіліс: 12:30–14:00

🆘 ЕСКЕРТУ: Бұрынғыдай ЭЦП арқылы онлайн өтініш қабылданбайды!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *