Skip to content

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!! Кезекті оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітіру шараларына…

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!

Кезекті оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітіру шараларына қатысты Маңғыстау облысының білім басқармасы келесі шектеулерге тоқталады.

Бітіруші 4, 9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажетіне ақша жинау, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру, аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру, мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қаражат жинау, оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы, ойын-сауық, мейрамхана, саябаққа баруы, қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру шараларына қатаң тыйым салатынын ескертеді.

⚠️МАҢЫЗДЫ! Жыл сайын мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджет есебінен қаражат бөлінеді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарын күрделі жөндеуден өткізу кезең-кезеңімен жүргізіп келеді.

Құрметті ата-аналар
жоғарыдағы тыйым салынған талаптарды ескерте отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңыз сұралады.

Біз үшін басты мақсат – сіздің балаңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру!

Егер, білім беру ұйымдарында аталған негізде ақша жинау фактілеріне кездесіп, куә болып жатсаңыздар (фото, видео дәлелдерімен) дереу білім басқармасының Call орталығына 8 (7292) 60-75-15 немесе құқық қорғау органдарын хабардар етулеріңіз сұралады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *