Маңғыстау облысы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында
«Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілуде.
Аталған іс-шара шеңберінде рейд жұмыстарына Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары,
полиция майоры Т. Джумалиев, Ақтау қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің жеке құрамы,
Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары, Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Б. Абдуллаев,
сондай-ақ білім бөлімінің мамандары тартылды.
Рейд барысында жастар көп шоғырланатын орындар, сондай-ақ қаланың орталық және шет аймақтарындағы көшелер қамтылды.
Профилактикалық жұмыстар барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүріп-тұру фактілерінің алдын алу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Құрметті ата-аналарға балаларының түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық мекемелерінде болуына байланысты заңнамалық жауапкершілік қарастырылғаны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігі арттырылуда.
Рейдке қатысқан: Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары – Даулетов Өтебай Балқыбайұлы