Skip to content

Мектеп тарихы

«№33 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облыстық білім басқармасының бұйрығымен 2025 жылдың              13 қаңтарында ашылды. Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп»  ұлттық жобасы бойынша салынған білім ордасы Маңғыстау облысындағы үш жайлы мектептің ең алғашқысы болып өз жұмысын бастады. Мектеп ғимараты  Ақтау қаласы, 33 шағын ауданда орналасқан.

Оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасайтын жоба аясында салынған мектептің сыйымдылығы 1200 оқушыға арналған. Қазіргі таңда мектепте 1085 оқушы білім алуда. Мектеп екі ауысымда жұмыс жасайды. Педагог қызметкерлер саны – 68. 

Мектеп замануи үлгідегі 66 пән кабинеттерімен, оның ішінде  оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған STEM, қыш өнері, визуалды дизайн, хореография кабинеттерімен жабдықталған. Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған сенсорлық кабинет, логопед, дефектолог, психолог кабинеттері ойын құралдарымен, тренажерлармен, оқулықтармен және көрнекі материалдармен жасақталған.

Сонымен қатар ғимаратта 2 спорт зал, 250 орындық конференц зал,       250 орындық асхана, 60 орындық кітапхана, 3 медициналық кабинет бар.

Мектеп директорының м.а. Майрамов Бексултан Нурмуханович         2012-2016 жж. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылдан 2024 жылдың сәуіріне дейін Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де биология пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.

2024 жылдың сәуірінен 2025 жылдың қаңтарына дейін Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің директоры, 2025 жылдың қаңтарынан қазірге дейін Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№33 жалпы білім беретін мектеп» КММ директордың міндетін атқарушы қызметін атқарып келеді.