“ЖАСӨСПІРІМ” жедел профилактикалық шарасы ұйымдастырылуда
Ағымдағы жылдың 10 сәуір – 6 мамыр аралығында “Жасөспірім” жедел профилактикалық шарасы ұйымдастырылуда.
Шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу, ескерту және жолын кесу.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықтың алдын алу, балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу болып табылады.
#құқықбұзушылық #құқықбұзушылықтыналдыналу